Мәжіліс аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіруге қатысты құжатты бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Мәжіліс аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіруге қатысты құжатты бірінші оқылымда мақұлдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндаған Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің 2007 жылдың ақпан айының 12-індегі шешімін орындау мақсатында әзірленген. Заң жобасы күшіне енсе, Азаматтық кодекс пен Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізіледі. «Бүгінгі Азаматтық кодекс еліміздің абсолюттік иммунитеті туралы 1 ғана бапты қамтиды. Бұл халықаралық тәжірибеге сай емес. Бұдан басқа, заң жобасында Азаматтық іс жүргізу кодексіне «шет мемлекеттердің заңдық құзырының иммунитеті және оның меншігі» деген атаумен жаңа тарау енгізіледі», деді вице-министр.