Мәжіліс: Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін реттеуге бағытталған заң жобасының таныстырылымы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қыркүйектің 17-сі күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының таныстырылымы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асхат Бекенов жетекшілік жасайды.
Заң жобасы әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.