Мәжіліс «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша Азия Даму Банкінен қарыз тарту туралы келісімді мақұлдады

АНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (1 көлік дәлізі-Жамбыл облысындағы учаскелер- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі-Инвестициялық бағдарлама - 2 жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылғы желтоқсанның 3-інде қол қойылған осы Келісімнің мақсаты автожолдар желісін қайта жаңарту мен дамыту және жолды пайдалану қызметтерінің кешендерін жаңалау үшін қарыз тарту болып табылады. Бұл ретте қарыз туралы келісімнің екінші траншына сәйкес, тартылатын қаражат сомасы 187 млн. долларды құрайды. Келісім шеңберіндегі заем Жамбыл облысындағы ұзақтығы 79 шақырым болатын цемент-бетон жамылғылы учаскесіне қайта жаңарту жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады. Қарыз беру шарттары бойынша ставка - 0,2 пайызды, міндеттемелік комиссия -0,15 пайызды құрайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса қаржыландыруы 33 млн. долларынан аспайтын болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум