Мәжіліс Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы хаттамаға енгізілген өзгерістерді мақұлдады

А. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хаттамаға 2009 жылғы мамырдың 21-інде Астана қаласында қол қойылған. Құжаттың негізгі мақсаты Байқоңыр қаласының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының банктері мен заңды тұлғаларының қызметін мемлекеттік реттеу мәселесін ретке келтіру болып табылады.

Мәжіліс комитеттері аталған хаттаманы оң бағалаған.

Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар