Мәжіліс бірінші оқылымда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын мақұлдады

Отырыс барысында аталмыш құжатқа қатысты баяндаманы Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф жасады.
Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын діни бірлестіктер қызметі мен жеке тұлғалардың діни қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу жолымен жетілдіру болып табылады. Заң жобасы діни бірлестіктерді тіркеу мәселелерін, дінтану сараптамасын жүргізу негіздері мен тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіреді және жекелеген ұғымдарды нақтылайды. Заң жобасын қарау барысында депутаттар заң жобасының нормаларын заң техникасының қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған және редакциялық-нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер енгізді. Біраз талқылаудан кейін заң жобасын депутаттар қолдады.
Сондай-ақ Мәжіліс депуаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.