Мәжіліс Бюросы алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы болып өтті.
None
None

Онда алдағы өтетін Мәжілістің жалпы отырысында қаралатын мәселелердің күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Алдағы аптада депутаттардың талқылауына ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Сонымен бірге, парламентшілер қарауына «Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқымамен екі жақты саудаға Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да ұсынылады.

Бұдан бөлек, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібіне екінші оқылымға ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылатын болады. Сонымен қатар, халық қалаулылары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар