Мәжіліс Бюросы: Алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Мәжіліс Бюросы: Алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды

Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттармен жұмысты жалғастыру мәселесін қарастырады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Беларусь арасындағы Қазақстан азаматтарының Беларусь аумағында және Беларусь азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілі нақтыланады.

Палата кедендік шекара арқылы ветеринариялық-санитариялық бақылау бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді де ойластырады.