Мәжіліс бюросы палата отырысына шығарылатын заң жобаларын анықтады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі Мәжілісте өткен  палата бюросында алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі қарастырылды. 
None
None

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің баяндауынша күн тәртібіне «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға шығаратын болды.

Палатаға Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін анықтау  қажет .

Жалпы отырыста «2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеудің мезгілін нақтылау қажет болады.

Жалпы отырыстың күн тәртібінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңының жобасымен жұмысты жалғастыру  жөніндегі  пукт қосылған.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған мәселелерді салалық комитеттерде тыңғылықты қарауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар