Мәжіліс Бюросы палата отырысының күн тәртібін айқындады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы болып өтті.
None
None

Онда алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қаралды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро бекіткен күн тәртібіне сәйкес, депутаттардың талқылауына «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болады. Сонымен бірге, халық қалаулыларының қарауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, Бюро отырысында Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың заң шығару жұмысындағы басымдықтар жайындағы тапсырмасына назар аударылып, комитет төрағалары мен Мәжіліс аппаратына заң жобаларының сапасына баса назар аудару тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар