Мәжіліс Бюросы Палатаның жалпы отырысының күн тәртібін айқындады

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюро отырысында Палатаның салалық комитеттерінің ұсынысымен Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі жобасына шығарылатын заң жобалары сараланды. Палатаның келесі отырысындаЭкономикалық реформа және өңірлік даму комитетінен «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (жаңа редакциясы) екінші оқылымда қаралатын болды.

Сондай-ақ, салалық комитеттер күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларымен жұмысты жалғастыру жөнінде мәселелер ұсынып отыр.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының  жобаларына Сенат  енгізген түзетулер жөнінде талқыланатын болады.

Ұсынылып отырған күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңдарының жобалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссияларының ұсыныстары да бар.

Бюро отырысында парламентшілердің Германиядағы Қазақстан жылының салтанатты жабылуына арналған іс-шараларға қатысуы туралы мәселе нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар