16:03, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Мәжіліс Бюросы: ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы жалпы отырысқа ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің Баспасөз қызметінен.

Депутаттар талқысына 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылады.
Депутаттар халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарайды. Сонымен бірге, осы күні Палата 2000-жылғы 7-шілдедегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеуді тапсырады.