Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді.

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Палата қарауына Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы кейбір конституциялық заңдар және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы бойынша кейбір заңнамалық актілер ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда қаруға енгізілді.

Салалық комитет Бюроға баяндау барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасы сот төрелігін жүргізудің тиімділігін арттыру, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын сақтау және қорғау кепілдігін күшейту мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына Қылмыстық атқару кодексін бірінші оқылымға шығару қосылған. Құжат сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін арттыру мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Осылармен қатар Палатаға 2011 жылғы 18 қазандағы еркін сауда аймағының Тараптары мен Өзбекстан Республикасы қолдану Шарттары туралы Келісімге қатысты ратификацияланатын заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.