Мәжіліс бюросында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды

  АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі Мәжіліс Бюросында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  іс-шаралар жоспары туралы қаулы қабылданды.

Мәжіліс бюросында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бюро шешімімен қаңтардың екінші онкүндігінде  аталған Жолдауды талдап түсіндіру мақсатында Мәжіліс депутаттары  аймақтарға баратын болды.

Сондай-ақ Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұсынысымен күн тәртібінің жобасына  арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымға  қосып отыр.

Осы комитеттің берген ақпаратымен кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша заңнама екінші оқылымға депутаттар талқылауына шығарылатын болады.

Парламентшілердің қарауына Әлеуметтік-мәдени даму комитеті әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға ұсынатын болады.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин  салалық комитеттерге осы мәселелермен мұқият жұмыс жасауды тапсырды.