Мәжіліс бюросында Қазақстан қоғамының әлеуметтік жетілдірілуін заңнамалық қамтамасыз ету нақтыланды

АСТАНА, 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Палата Бюросында Қазақстан қоғамының   әлеуметтік жетілдірілуін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету нақтыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс бюросында Қазақстан қоғамының әлеуметтік жетілдірілуін заңнамалық қамтамасыз ету нақтыланды

Осыған орай салалық комитеттердің  баяндамаларын тыңдай келе Бюро депутаттар талқылауына бір топ заң жобаларын ұсынуға тоқталды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын құру туралы хаттаманы және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларының бірінші кезекте талқыланатынын хабарлады.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңының жобасын ілеспе түзетулерімен бірге екінші оқылымға ұсынатын болады.

Бюро отырысында Палатаның Жалпы отырысының күн тәртібі бірқатар заң жобаларымен толықтырмақшы.

Ең алдымен бұл топқа еліміздің басты қаржы құжаты топтастырылады. Олар «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобалары  бойынша    қорытынды  әзірлеу мәселесі кіреді. Осы топқа «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша да қорытынды әзірлеу қосылады.

Осы аталған құжаттардың бәріне Палатаның Қаржы және бюджет комитеті жетекшілік етеді.  Ал, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізеді. Аталған комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеумен де  айналысатын болады.