Мәжіліс бюросында палатаның күн тәртібі белгіленді

АСТАНА. 28 қыркүйцек. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Палата Бюросында депутаттар жалпы отырыста ратификацияланатын бір топ құжатты енгізу туралы шешім қабылдады.

Мәжіліс бюросында палатаның күн тәртібі белгіленді

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің баяндауынша, парламентшілердің талқылауына «Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасы туралы шартты ратификациялау туралы», «Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы»  және «2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларын шығаратын болды.

Сонымен қатар Палатаның  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар  мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеудің мерзімін анықтайды.

Сондай-ақ, күн тәртібінде Мәжіліс депутаттарының бірқатар халықаралық парламенттік шаралар мен комитеттердің көшпелі отырыстарына қатысу туралы мәселелер де қарастырылған.