Мәжіліс Бюросында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылатын болды. Бұл жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мәліметі тыңдалды.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Соңғы жаңалықтар