Мәжіліс Бюросында жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды

СТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды.

Мәжіліс Бюросында жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды

Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылатын болды.

Сонымен қатар «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқыға салу көзделіп отыр.

Күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылған.