Мәжіліс Бюросының күн тәртібінде: зияткерлік меншік; нотариат; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттері Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынған мәселелер қаралды,

Мәжіліс Бюросының күн тәртібінде: зияткерлік меншік; нотариат; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымға ұсынып және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ортаға салатын болды.

Ал, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын екінші оқылымға шығарып отыр.

Жоғарыда аталған және басқа мәселелермен бірге күн тәртібінде бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялау туралы және жұмысын жалғастыру жөнінде мәселелер нақтыланған.

Әлеуметтік - мәдени даму комитеті, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жо­ба­ларымен жұмысты жалғастыру жөнінде әріптестеріне ұсыныс жасайды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Палатаның жалпы отырысына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді ұсынды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзіретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу мәселесін күн тәртібіне шығарады.

Бюро отырысында Мәжілістің заң шығарушылық қызметіне қатысты өзге де мәселелер қаралды.