Мәжіліс Бюросының отырысында халықаралық келісімдерге қатысты заң жобалары қаралды

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды,

Мәжіліс Бюросының отырысында халықаралық келісімдерге қатысты заң жобалары қаралды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетібірқатар заң жобаларын қарауды ұсынып отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінде болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырысқа шығарылады.

Сонымен қатар аталған комитет «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде ұсыныс жасады.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.