Мәжіліс Бюросының отырысында заң шығару ісі мен іссапарлар туралы мәселе қаралды

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат. /Айдын Бәймен/ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен осы Палата Бюросының кезекті отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюро отырысында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің баяндауы бойынша Палатаның жалпы отырысының талқысына «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы»  заң жобасын шығару жөніндегі мәселе қаралды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру туралы ұсыныс жасады. Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндап берді.

Бюро отырысында қазан айында Аграрлық мәселелер комитетінің Алматы облысындағы көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ Бюро мүшелері Қазақстан   Республикасы   Парламенті   Мәжілісі делегациясының Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) І-ші жалпы отырысының жұмысына қатысуы туралы (Баку қаласы, Әзірбайжан Республикасы, 2009 жылғы 27-30 қыркүйек) мәселені талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум