Мәжіліс депутат Ә. Рахымжановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мәжіліс депутат Ә. Рахымжановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Ал бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарып келген Әлия Ғалымова Парламент мәжілісінің депутаты болып сайланған еді.

Ә. Рахымжанов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентінде дүниеге келген. Семей педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша, Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылым докторы, профессор.

2014 жылғы мамырдан бастап - V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Қазақстан Республикасы білім беру үздігі», Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, мерекелік медальдармен марапатталған.