17:42, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мәжіліс: Депутаттар ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьникті тыңдайды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қаңтардың 13-інде Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник сөз сөйлейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет мүшесі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер телімдерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасайды.Заң жобасы Алматы қаласындағы құрылыстар мәселесіне қатысты 2007 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Қазақстан Президентінң тапсырмасын жүзеге асыруға байланысты дайындалған. Заң жобасында жер телімдерін беруге тыйым салу және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен өзге де қала құрылысы құжаттамасы болмаса құрылысқа рұқсат беру жөнінде нормалар енгізу көзделген.