Мәжіліс: Депутаттар өз сауалдарында саяси-әлеуметтік мәселелерді көтерген

АНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламент Мәжілісінің депутаттары IV сайланған ІІ сессияның жұмысы кезеңінде  республиканың лауазымды адамдарының атына 261  сауал және өтініш-арыздар жолдады.
None
None


Сауалдардың басым бөлігінде Мемлекет басшысының екінші парламенттік сессияның ашылуында  депутаттардың алдына қойған және ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешуге байланысты проблемалар көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғаламдық қаржы дағдарысының ушығуына  байланысты экономиканы тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы шұғыл мемлекеттік шаралар қабылдау  мәселелері бірқатар депутаттық сауалдардың өзегіне айналған.

Сондай-ақ депутаттар 18 жасқа толмаған балаларға, көмір шахталарында жұмыс істеген мүгедектерге жәрдемақы төлеу, бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақыны ұлғайту мәселелерін  көтерді. Атап айтқанда, ықтимал инфляция деңгейінен барынша қорғалатын еңбекақыны қалыптастыру тетігін нарықтық жүйеге бейімдей отырып, білім беру жүйесінің барлық буыны  педагогтарының  еңбекақысын төлеу, полиция қызметкерлерінің арнайы атақтарына қосымша ақы, жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқитындардың  шәкіртақысын ұлғайту жүйесін  түбегейлі өзгертуді ұсынған. Сонымен қатар, депутаттардың атына  зейнеткерлерден де көптеген өтініштер келіп түскен. Онда зейнеткерлер 2008 жылы жүргізілген зейнетақыны қайта есептеуге және олардың индексациясына  наразылықтарын білдірген.

Банкрот болған банктер  салымшыларының істері де депутаттарды алаңдатып, олар Үкіметтен көмек сұраған.

Жекелеген депутаттық сауалдар  азаматтардың мүлікті заңдастыруына, жер телімдерін бөлуге,  ұсталған автокөлікті әкелуге және пайдалануға беруге қатысты болған.

Депутаттар көптеген сауалдарды  өңірлердегі экологиялық жағдайдың нашарлауына  байланысты  жолдаған.  Мұнай компаниялары  ілеспе газды бақылаусыз жағу және  зиянды қалдықтар шығарындылары салдарынан  атмосфера ауасын ластауда. Депутаттар  Үкіметтің назарын экологиялық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және  оның салдарларын жою жөнінде, республиканың электроэнергетикалық жүйесін дамыту мен басқару және экономиканың осы саласына инвестициялар құю жөнінде, ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі  бағдарламалардың мерзімдерін ұзартуға тыйым салу жөнінде  шаралар қабылдауға аударуда.

Сонымен қатар, сауалдарда Арал экологиялық апат аймағында халықтың тұруы,  республиканың елордасы - Астана қаласындағы  қолайсыз экологиялық ахуал проблемалары көтерілген.

Депутаттар Үкіметке  шет елдегі отандастарды қолдау, оларды Қазақстанға қоныстандыру, Өзбекстан аумағында қалған Қазақстан азаматтарының жылжымайтын мүлікке байланысты мәселелерін шешу жөнінде  Бағдарлама қабылдауды ұсынған.

Депутаттық сауалдарда  тұрғын үйді және азаматтардың тұрғын үйге құқығын қалпына келтіруге, сондай-ақ  үй салудағы  ипотекалық несиелеу және үлестік қатысу принциптерін реттеуге байланысты мәселелерді де шешуге  назар аударды.

Қазақстан Президентінің Жолдауында аталған  ауруханалар мен мектептер салу үшін  бюджет қаражатын бөлу мәселелері  көптеген депутаттарды алаңдатуда.

Сондай-ақ депутаттар мұғалімдерді аттестаттау, оқуға ақы төлей алмаған жоғары оқу орындары студенттерінің оқудан шығып қалу мәселелерін қозғаған. Олар өз сауалдарында халыққа медициналық қызмет көрсету  мәселелерін жиі көтереді.

Депутаттық сауалдардың басым бөлігі, яғни,  146-сы Премьер-Министрдің атына жолданған. Министрлерге - 72, Бас прокурорға 24 сауал жолданыпты.

Соңғы жаңалықтар