Мәжіліс депутаттары Алматы облысында болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 4-6 мамыр аралығында Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко және Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юрий Тимощенко Алматы облысына барып, тұрғындармен кездесті.
Депутаттар Текелі қаласы мен Көксу ауданының белсенділерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының, славян, украин этномәдени бірлестіктерінің, қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен, «Строитель» ЖШС қызметкерлерімен, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Талдықорған қаласының белсенділерімен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-сессиясында белгілеп берген маңызды тапсырмалары мен міндеттерін түсіндірді.
Ал, жетісулықтармен кездесу барысында экономикалық өсім, тіл саясаты, әлеуметтік сала, өңірлерді дамыту, білім беру жөніндегі өзекті мәселелер қозғалды.
Тұрғындар Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне зор қызығушылық танытты.