Мәжіліс депутаттары Астанадағы өрттен қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алды

АСТАНА.  Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Астана қаласындағы өрттен қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алды,

Мәжіліс депутаттары Астанадағы өрттен қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарашаның 9-ында Астана қаласының  оңтүстік-шығысындағы орналасқан  қоймада болған өрттен 14 адам көз жұмды. Өрт 10 мың шаршы метрді қамтыды. Бұл елордада болған  үлкен апат. Осыған орай Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың отбасына жеделхат жолдап, көңіл айтты. Елбасы тапсырмасы бойынша Үкімет марқұмдардың отбасына көмек көрсету және зардап шеккендерге қолдау жасау жөніндегі іс-шараларды қолға алып отыр», деді О. Мұхамеджанов. Осыған байланысты палата өз жұмысын өрттен қаза болған азаматтарды  бір сәт еске алудан бастады.