Мәжіліс депутаттары азаматтар үшін ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтетін заң жобасын әзірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары азаматтар үшін ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтетін заң жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжлісінде «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңның жобасын таныстырған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
«Заң жобасының мақсаты мемлекеттік органдардың ақпаратына және басқа да ақпарат иеленушілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Біздер, әзірлеушілер неге арқа сүйедік. Ең алдымен, әлемдік тәжірибеге. Біздерге велесипед ойлап табудың қажеті жоқ. Біздер қазіргі уақытта әлемде бар әзірлемелерді пайдалануға тиіспіз. Әлем кейбір бағыттарда алға шығып кетті. Мәселен ЭЫДО елдері - біздер үшін бағдар болып саналады , - деді М.Әшімбаев.
Оның атап өтуінше, Заң жобасында Заң нормаларының күші қолданылатын ақпарат иеленуші субъектілердің тізбесі мен ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту ұсынылады. Атап айтқанда, ҚР Парламентінің немесе оның палаталарының, ҚР облысының, республикалық маңызы бар қаласының, астанасының жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын және мемлекеттік органдардың жыл қорытындысы бойынша өткізілетін алқа отырыстарын интернет-ресурстарда онлайн трансляциялау арқылы қамтамасыз ету ұсынылып отыр.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы жобасының мақсаты әркімнің заңмен тыйым салынбаған әдіспен кез келген ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру болып табылады. Заң жобасында Заң нормаларының күші қолданылатын ақпарат иеленуші субъектілері тізбесі мен ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту, азаматтардың сұрау салуы бойынша ақпаратты тегін беру ұсынылады.