Мәжіліс депутаттары азаматтарды ұстау негізі мен оның тәртібін бекітуге қатысты заң жобасын талқылады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндаған Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Молдияр Оразалиевтің айтуынша, заң жобасы қолданыстағы заңнама талаптарын Конституцияның арнайы мекемелердегі адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы талаптарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген. «Құжат адамдарды қабылдау мен тіркеу тәртібін белгілейді. Сонымен қатар ол қамауға алынғандарды босату мәселесін шешеді. Заң жобасында халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтарына қатысты жәйттар негізге алынған. Сонымен қатар онда қамауға алынған азаматтардың өздерінің құқықтарын қалай қорғауға болатындығын түсіндіретін нормалар қарастырылған», деді комитет төрағасы.Оның сөзінше, заң жобасы маскүнемдік пен нашақорлыққа шалдыққандарды мәжбүрлі түрде емдеуге, қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртібі мен жағдайына, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. «Заңға енгізілген айтулы жаңалықтардың бірі онда «қоғамдық бақылау» мәселесі енгізілген. Заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген», деді М.Оразалиев.
Соңғы жаңалықтар