Мәжіліс депутаттары «Босқындар туралы» заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутаттар «Босқындар туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында аталмыш құжат жөнінде баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденовтың айтуынша, еліміз осыған дейін «Босқындар мәртебесі туралы» конвенцияны ратификациялаған. Егер заң күшіне енетін болса, онда осы конвенцияның талаптары орындалған болады. «Қазіргі таңда республикада 567 босқын бар. Олардың көбі - Ауғанстан азаматтары, тағы екеуі сомалиліктер. Заң жобасында конвенция талаптары негізінде елге пана іздеп келгендер мен босқындардың ерекшеліктері көрсетілген. Сондай-ақ босқындардың құқықтары мен міндеттемелері толық белгіленген», - деді вице-министр.
Соңғы жаңалықтар