Мәжіліс депутаттары Д. Нөкетаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады

АНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында халық қалаулылары Мәжіліс депутаты Динар Нөкетаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.
None
None

Отырыста осы мәселе бойынша баяндаған ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова: «Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 24-бабының 2-ші, 3-ші, 8-ші тармақтарына сәйкес, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры лауазымына тағайындалуына байланысты Мәжіліс депутаты Д. Нөкетаваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізеді»,-деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар