Мәжіліс депутаттары дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеуге қатысты Үкіметке ұсыныстар жолдады

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/. Мәжіліс депутаттары дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу шеңберінде Үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады.
None
None

Бұл ұсыныстарды бүгін Мәжілісте өткен «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу туралы» тақырыбында Үкімет сағатын қорытындылаған кезде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Палата депутаттары атынан жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, Үкімет сағатында ҚР Табиғи   монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы  Нұрлан Алдабергенов баяндама жасады.

Біріншіден, парламентшілер тұтынушылар мен реттелетін субъектілер арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, Қазақстандағы инфляция қарқынын тежеу, орташа тариф бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субъектілерінің санын арттыру, қолданыстағы заңнаманың шеңберінде нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейлерін оңтайландыру және нормативтен тыс ысыраптарды жою қажеттігін алға тартты.

Энергияны үнемдеуге деген ынталарды күшейту мақсатында тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.

«Екіншіден, тарифтер деңгейінің болжамдылығын және тұрақтылығын, сонымен қатар тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілерімен көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру қамтамасыз етілсін. Осы мәселені шешу үшін аталған агенттіктің құзыретін күшейту қажет. Үшіншіден, лифтілерге қызмет көрсету, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, көмір өндіру мен оны өткізу жөніндегі кеңінен пайдаланатынын қызметтердің тұтынушылар үшін әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, мемлекет реттейтін бағаларды қолданатын Өнімнің, тауарлар мен қызметтердің номенклатурасына көрсетілген қызметтер енгізілсін. Үйге ортақ мұқтаждарға арналған электр және жылу энергиясының қызметтеріне тұтынушылардан олармен келіспей ақы алу заңдылығының мәселесі қаралсын. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық және Азаматтық кодекстеріне келесі мәселелерді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар әзірленсін және енгізілсін»,- деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжанов.

Сонымен қатар қызмет берушінің энергиямен жабдықтау шартын орындауды біржақты тоқтата тұруды болдырмау, қызмет берушінің тұрмыстық тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды соттың шешімімен ғана тоқтату, электр және жылу энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің - қызмет берушілердің тұтынушыларға негізсіз шоттар бергені, оларды көрсетілетін қызметтерден шектегені және ажыратып тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу керектігін ескертті.

«Парламент пен Үкіметке алдымыздағы жылдары энергия үнемдеу бойынша қыруар жұмыс атқаруға тура келеді. Өйткені қолданыстағы заң, шын мәнінде, жұмыс істеуге дәрменсіз.

Агентікке де бәсекелестіктің дамуын көтермелеу, табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтер деңгейінің болжамдылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тариф саясатын жетілдіру бойынша сонымен қатар, әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызуға бағытталған кең ауқымды жұмыстар атқару қажет»,- деді Ж.Кәрібжанов.

Соңғы жаңалықтар