Мәжіліс депутаттары «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметімен танысады

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, мамырдың 7-сі күні «Қазақтелеком» АҚ-да Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтеді,

Мәжіліс депутаттары «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметімен танысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мұндағы мақсат - «Қазақтелеком» АҚ-ның кеңсесіндегі АТС-32 стансысының, жеке тұлғаларға қызмет көрсету агенттігінің, сондай-ақ кеңейтілген қызмет орталығының жұмыстарымен танысу.Көшпелі отырыстың бағдарламасына сәйкес депутаттар «Астанателеком» кеңсесінде де болатыны қарастырылған.