Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Жексенбай Дүйсебаев, Сапар Ахметов және Михаил Чериков жұмыс сапарымен Көкшетауда болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты

Облыс орталығындағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналатын «Молоко синегорье» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған халық қалаулылары зауыт ұжымымен кездесіп, сүт өндіру процессімен танысты. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Молоко Синегорья» сүт зауытында ірімшік, май, қаймақ және сүт өнімдерінің бірнеше түрі шығарылады. Өнім­нің барлығы табиғи шикізаттан да­йындалатындықтан, сапасы да жоғары. Кәсіпорын алдағы уақытта шетелге сүт өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр.

null  

Сүт зауытының директоры Елена Московецтің айтуынша, зауыт ультрапастерленген А3/Flex сүтін өндіру бойынша екі бірдей технологиялық желімен жабдықталған. Зауыттың қуаты тәулігіне 16 тонна сүт өңдеуге жетеді. Жақында зауытта тағы бір  жоғары температурада сүт өңдейтін желі іске қосылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта шведтердің әдісі бойынша қышқыл сүт өнімдерін,  гректердің әдіс бойынша «Стефарт» йогуртын, финдердің әдісі бойынша жапсырма қағазын және көлемі 1-2 литрлі шиша шығаратын жаңа желілерді іске қосу жоспарланған.  

null  

«Кәсіпорынның қазіргі заманғы озық технологиялық әдісті қолдануы өндіріс көлемін едәуір арттырып, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беруде. Өнім негізінен Астана, Ақмола облысының аудандары мен еліміздің өзге облыстарына және Ресейге шығарылады», - деді Елена Московец өз сөзінде.
Жұмысшылармен жүздесіп, өндіріс туралы әңгімелескен депутаттар елімізде отандық өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында елімізге отандық өндіріс, өңдеу өнеркәсібін жандандырып, сол арқылы экономиканы дамыту үшін нақты қадамдар жасауға түбегейлі бет бұру міндеті қойылып отырғанын атап өтті.  

null null null