Мәжіліс депутаттары қорғаныстық тапсырыс мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша Сенат пен Мәжіліс арасында келісім комиссиясын құруды ұсынды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенатының депутаттары енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіспейтіндіктерін білдірді,

Мәжіліс депутаттары қорғаныстық тапсырыс мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша Сенат пен Мәжіліс арасында келісім комиссиясын құруды ұсынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Уәлихан Қалижанның сөзіне қарағанда, заң жобасы 2009 жылдың мамыр айының 25-інде Мәжілісте қаралып, мақұлданған. Бұдан соң құжатқа Сенат депутаттары 21 түзету енгізіп, кері қайтарған. «Бас комитет Сенаттың 6 түзетуімен келіспейді. Осыған байланысты оны келісім комиссиясының қарауына шығарады. Құжатта сонымен қатар, заң жобасының бүкіл мазмұнын өзгертетін мәселелер бар. Осыған орай Мәжілістің Халықаралық істер және қорғаныс комитеті Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясын құруды ұсынады», - деді ол.Отырыс барысында У. Қалижанның ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдады.