Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру үшін аймақтарға аттанады
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен үш парламенттік фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған бір топ Мәжіліс депутаттары ақпанның 6-сы мен 15-і аралығында еліміздің барлық аймақтарына шығады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, бүгін «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Камал Бұрханов пен Сәкен Жылқайдаров және «Ақ жол» ДП фракциясының мүшесі Аманжан Рысқали Орал қаласында қоғам белсенділерімен Елбасы Жолдауын талқылауға арналып өткізілетін кеңеске қатысады. Бұдан кейін бұл парламентшіер Атырау және Маңғыстау обыстарында болады.