Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган басшылары азаматтарды қабылдайды - «Нұр Отан»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта ішінде «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Серік Оспанов, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Серік Жұманғаринмен азаматтарды қабылдау өткізіледі, деп хабарланған партияның сайтында.

Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган басшылары азаматтарды қабылдайды - «Нұр Отан»

Атап айтсақ, 17 наурызда Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов, 19 наурызда Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Оспанов азаматтарды қабылдайтын болады. ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу бойынша комитетінің төрағасы Серік Жұманғариннің азаматтарды қабылдауы 18 наурызға жоспарланған. Қабылдау Астана қаласы, Кенесары к-сі, 25 үйде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жүргізіледі. Қабылдауға www.kk.nurotan.kz электронды мекенжайы немесе 59-78-50 телефоны арқылы жазылуға болады.

Сонымен бірге басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алады. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режімінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған.