Мәжіліс депутаттары міндетті және өзара сақтандыру мәселесіне қатысты құжатты қолдайтындықтарын білдірді

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

Мәжіліс депутаттары міндетті және өзара сақтандыру мәселесіне қатысты құжатты қолдайтындықтарын білдірді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасының мақсаты - міндетті және өзара сақтандыру саласындағы құқықтық реттеу мәселелерін жүйелі түрде шешу болып табылады. Сонымен қатар құжат азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сақтандырып қорғау шарасын қарастырады. Заң күшіне енсе, Азаматтық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы, Экологиялық және Еңбек кодекстері мен еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер енгізіледі. Заң жобасын жан-жақты талқылыған депутаттар оны бірінші оқылымда мақұлдау қажет деп шешті.