Мәжіліс депутаттары Павлодар облысының Тереңкөл ауданына барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Василий Олейник, Александр Суслов, Татьяна Яковлева және Сергей Симонов жұмыс сапарымен Павлодар облысының Тереңкөл ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Сапар барысында депутаттар су тазарту құрылыстарының жаңғыртуы мен қайта жөндеу жұмыстары аяқталған «Бастау» кәсіпорнына барды.

Аталған ұйымның директоры Асхат Зарипов 1976 жылдан бері кәсіпорынға жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтты. Ескірген құрал-жабдықтардың салдарынан тұрғындарды қажетті таза ауыз сумен қамтамасыз ете алмағандықтан, жазда ауыз су ауыл тұрғындарына кесте бойынша берілген.

Өткен жылдың желтоқсан айында жөндеу жұмыстары аяқталып, бүгінде елдімекен таза ауыз суды тұтынып отыр.

Мәжілісі депутаты Гүлжан Қарағұсова құны 900 млн теңгеден асатын жоба барлық стандарттар мен санитарлық нормаларға сай болуы тиіс, деді.

Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында мәжілісмендер әрбір азаматтың ұсыныс-тілектерлерін тыңдауға дайын екендіктерін, олардың пікірлері ескерусіз қалмайтынын айтып, әрдайым ашық екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ депутаттар Тереңкөл ауданының партия филиалының конференциясына қатысып, «Мастер» сауда орталығына барып, жергілікті бюджет мәселесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар