Мәжіліс депутаттары сенаторлардың валюталық реттеуге қатысты түзетулерімен келісті
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген толықтырулар мен өзгерістерге келісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат Керімжан Бижановтың айтуынша, аталмыш құжатқа Сенат
18 түзету енгізген. Олардың ешқайсысы да заң жобасының тұпнұсқасын өзгертпейді. «Өзгерістердің 9-ы аудармаға байланысты болса, 3-уі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арнайы салық режимін енгізуге қатысты. Сонымен қатар онда нақтылау мақсатында енгізілген түзетулер де бар. Сенат ұсыныстарын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады.