Мәжіліс депутаттары шахтада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтадағы апатта қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттары шахтада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

«3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттың салдарынан 5 адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпустың атынан қайтыс болған кеншілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақсасып, көңіл айтамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды.


Видеодан алынған кадр