Мәжіліс депутаттары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бірінші оқылымда шығарылады.

Сонымен бірге, парламентшілер қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы да бірінші оқылымда ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, депутаттар екінші оқылымда ««Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарайтын болады.

Палатаның алдағы жалпы отырысында сонымен қатар, «1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Заң жобасын және «2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобаларына қорытынды мезгілін белгілеуді қарау ұсынылып отыр.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин салалық комитеттерге аталған заң жобаларды мұқият әзірлеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар