Мәжіліс депутаттары Талдықорған қаласының өндіріс ошақтарымен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев, Омархан Өксікбаев Талдықорған қаласындағы «Қайнар АКБ» аккумулятор зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара аясында кәсіпорынның әкімшілік директоры Әлмеш Саркулов пен өндіріс бойынша директоры Асхат Долаев депутаттарға зауыттың жұмысын таныстырып, аккумуляторлық батареялардың шығу өндірісін көрсетті.
«Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты Қазақстанның аса ірі аккумулятор шығарушыларының бірі болып табылады (аккумулятор батареяларының 73-тен астам түрі). Қызметкерлердің жалпы саны - 765. 2010 жылдан бастап «Қайнар-АКБ» ЖШС қазіргі заманғы басқарушылық технологиясын - "Кайдзен" "ұқыпты" өндіріс жүйесін енгізе бастады, оның мақсаты аккумулятор батареясын өндіру саласында ТМД шегінде ғана емес, алыс шетелде де көшбасшылық позицияға шығу болып табылады.
«Сонымен қатар аталған Мәжіліс депутаттары Көксу ауданы Балпық би ауылына қарасты «Көксу қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті», - деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. Мекеменің өндіріс қуаты - 1800-2000 тонна қант қызылшасы. Зауытта 470 қызметкерлер жұмыс істейді, орташа айлық жалақылары - 50 мың теңге. 2015 жылы бюджеттен 308 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Депутаттар кездесуді Балпық би ауылындағы «Уыз Май Industry» соя өңдеу зауытында жалғастырды. 2016 жылы зауыт 27 тонна соя өңдеп шығарды. Зауыттың өндірістік қуаты - тәулігіне 290 тонна соя өңдейді. Бүгінде мекемеде 100 адам жұмыс атқарады, орташа жалақы - 65 мың теңге. Компания нарықты тағам өнеркәсібінің барлық салаларына арналған соя және эструзияланған өнімдермен қамтамасыз ету және өндіру аясындағы негізгі бағыттарды дамытуға жұмыс атқарып келеді. Компания таңдаулы шикізатты қабылдап, оны заманауи, жоғары технологиялық құрал-жабдықпен өңдейді және серіктестерге экологиялық таза әрі пайдалы өнімді қол жетімді бағамен жеткізіп отыр.