Мәжіліс депутаттары тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын қолға алады

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - 4 маусым, дүйсенбі күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Мәжіліс депутаттары тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын қолға алады

Осы шараны Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырып отыр. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы жөнінде ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин баяндама жасап, қандай түзетулер енгізілетіні туралы депутаттарға түсінік береді деп күтілуде. Осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильянов жетекшілік жасайды.

Заң жобасы тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін дамытуға және тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің субъектілері арасында оның жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған.