Мәжіліс депутаттары Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің, сондай-ақ ғарыш қызметі бойынша заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының мүддесін қорғайтын депутаттар тобы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) болды.
Мәжіліс депутаттары ҰҒО-ның атқарып отырған жұмысымен, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) жерүсті инфрақұрылымы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (ДЖСНЖ) қызметімен танысты. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚұСК) құрылысының барысын көріп, ЖҚЗ ғарыш аппараттарын басқару және ғарыш түсірілімдерін өңдеу орталықтарындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарының жұмыс орындарына барды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков іс-шаралар барысында депутаттық корпустың өкілдеріне республикадағы ғарыш саласының қай кезеңде дамып жатқаны туралы әңгімелеп берді.
«Елімізде маңызды ғарыш инфрақұрылымы құрылды, оны пайдалану мен тиімді қолдану құқықтық және заңнамалық актілерді қажет етеді», - деп атап өтті М. Молдабеков.
Ғарыш қызметі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Қазақстанның мүддесінде ғарыш технологияларын қолдану туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің баяндамасын аса қызығушылықпен тыңдады. Атап айтқанда, еліміздің экономикасы үшін ЖҚЗ қазақстандық спутниктерінің өнімдері мен қызметтерін тәжірибеде пайдалану туралы әңгіме болды.
Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысына қатысқан Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау: «Қазіргі уақытта «Ғарыш қызметі» Заңына маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин ҰҒО-ны аралап болған соң, Қазақстанның заманауи ғарыш инфрақұрылымға ие екенін, ол біздің елімізге әлемнің ғарыштық державаларының қатарына кіруіне құқық беретінін атап кетті.
Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев депутаттармен өткен кездесудің соңында еліміздің заң қабылдаушыларына ғарыш қызметіне ерекше назар аударып және Қазақстанның ғарыш саласын құру жолында Қазғарыштың атқарып отырған жұмысына қолдау көрсетіп отырғандарына алғыс айтты.