Мәжіліс депутаттары ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандардың шахталық ұшыру қондырғыларын , апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге түзетуді ратификациялау туралы»

Мәжіліс депутаттары ядролық қарудың таралуына жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады
заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, аталмыш құжатты ратификациялау - ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қоса алғанда, Қазақстанның ғаламдық қарусыздану, процестерін және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін жақтайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл еліміздің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясындағы мәлімдемесінде айтылған, қарусыздану саласындағы бастамаларды іске асыру және 1993 жылдың желтоқсан айының 13-індегі Қазақстан мен Америка арасындағы құрлықаралық баллистикалық зымырандық шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді тағы 7 жылға ұзарту болып саналады.