Мәжіліс депутаттары жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, заң жобасының мақсаты Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге бағытталған заңнаманы жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар құжат мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтеді.«Тұтастай алғанда, заң жобасы салық есептілігін өткізбегендігі үшін және бұл әрекетті белгілі бір адамдар тобының ауыз жаласуы арқылы жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік белгілеуді ұсынады. Құжаттың бірқатар баптарында жемқорлыққа жол бергендердің мүлкін тәркілеп, оларға салынатын тиісті айыппұл көлемін ұлғайту жөніндегі талаптар бар», деді агенттік төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, заң жобасы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға жол ашатын нормативтік актілердің қайшылықтарын жою мақсатында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум