Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы ҚХА-ның айрықша мәртебесін мойындау болып табылады - Г. Әбдіқалықова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша мәртебесін мойындау болып табылады. Бүгін Астанада ҚХА-ның кезектен тыс ХХІІІ сессиясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
«Кеше Парламент Мәжілісінің 98 депутатын сайлау рәсімі өтті, яғни оларды елдің азаматтар партиялық тізім бойынша таңдады. Ал бүгін жоғары заңнамалық органда Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 9 депутатты сайлау міндеті тұр. Бұндай құқық Қазақстан халқы Ассамблеясына 2007 жылғы конституциялық реформа бойынша берілген болатын. Осы арқылы елдің барлық этностарына кепілді парламенттік өкілдік қамтамасыз етілген»,-деді Г. Әбдіқалықова.
Бұл ретте Мемлекеттік хатшы Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығы Ассамблеяның айрықша мәртебесін мойындау болып табылатынын, сондай-ақ елдің өмірінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің жоғары рөліне ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
Дәл қазіргі уақытта Ассамблея мүшелері Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттарға дауыс беріп жатыр.