Мәжіліс депутаттарының қарауына бірқатар халықаралық актілерге байланысты құжаттар топтамасы ұсынылатын болады
Депутаттардың қарауына бірқатар халықаралық актілерге байланысты құжаттар топтамасы ұсынылатын болады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Олар: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге («Оңтүстік-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хатты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмді («Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b)) ратификациялау туралы» заң жобалары.
Сондай-ақ осы айтылған топтамалар қатарында «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобалары бар.
Жалпы отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға шығару мәселесі де қойылды.
Сонымен қатар Палатаға «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасына қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылау ұсынылды.
Осындай шешімді Палата төмендегі заң жобаларына да қабылдағалы отыр, олар: «2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары.