Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына 7 партия үміткерлер тізімін тапсырды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына үміткерлер тізімін Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының өкілдері ұсынды.
None
None

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, аталмыш партия өкілдері кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 30 пайыздан кем болмайтын дауысын аламыз деген ниетте.

Бұл осымен Мәжіліс сайлауына қатысуға ниниет білдіріп отырған 7-ші партия. Осыған дейін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Әділет» партиясы және «Руханият» партиясы Мәжіліс депутатығынан үмітті екендіктерін білдіріп, Орталық сайлау комиссиясына өздерінің партиялық тізімдерін тапсырған болатын. Бүгін, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына саяси партиялар атынан үміткерлер ұсынылатын соңғы күн. Осы уақытта Орталық сайлау комсисиясына үміткерлер тізімін ұсыну мақсатында «Ақ жол» партиясының өкілдері де келді.

Соңғы жаңалықтар