Мәжіліс депутаттарының сауалдарында негізінен Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешуге байланысты проблемалар көтерілген

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламент Мәжілісінің депутаттары ІҮ сайланған ІІ-сессияның жұмысы кезеңінде республиканың лауазымды адамдарының атына 261 сауал және өтініш-арыз жолдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауалдардың басым бөлігінде Мемлекет басшысының төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясының ашылуында депутаттардың алдына қойған және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешуге байланысты проблемалар көтерілген.Ғаламдық қаржы дағдарысының ушығуына байланысты экономиканы тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы шұғыл мемлекеттік шаралар қабылдау мәселелері депутаттар сауалдарының өзекті проблемалары болып табылады. Бірқатар депутаттар 18 жасқа толмаған балаларға, көмір шахталарында жұмыс істеген мүгедектерге жәрдемақы төлеу, бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақыны ұлғайту мәселелерін көтерді.Сонымен қатар депутаттардың атына зейнеткерлерден де көптеген өтініштер келіп түсуде. Онда зейнеткерлер 2008 жылы жүргізілген зейнетақыны қайта есептеуге және олардың индексациясына наразылықтарын білдірген. Банкрот болған банктер салымшыларының істері де депутаттарды алаңдатып, олар Үкіметтен көмек сұрайды. Жекелеген депутаттық сауалдар азаматтардың мүлікті заңдастыруға, жер учаскелерін бөлуге, ұсталған автокөлікті әкелуге және пайдалануға беруге, «Эйр Астана» авиакомпаниясы жұмысының қанағаттанарлықсыздығына, теміржол көлігінде жолаушыларды тасымалдау кезінде көрсетілетін қызмет деңгейінің төмендігіне, автожол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты. Депутаттар көптеген сауалдарды республика өңірлеріндегі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жолдауда. Мұнай компаниялары ілеспе газды бақылаусыз жағу және зиянды қалдықтар шығарындылары салдарынан атмосфераны ластауда. Депутаттар Үкіметтің назарын экологиялық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оның салдарларын жою жөнінде, республиканың электроэнергетикалық жүйесін дамыту мен басқару және экономиканың осы саласына инвестициялар құю жөнінде, ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламалардың мерзімдерін ұзартуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдауға аударуда. Соның ішінде Премьер-Министрге 146 депутаттық сауал жолданған. Әр түрлі салалық министрлік басшыларына ? 72, Бас прокурорға ? 24 депутаттың сауалдары жіберілген.
Соңғы жаңалықтар