Мәжіліс депутаттығына кандидаттар қатарында әйелдер санының кемуі байқалады - ҚР ОСК

«Өкінішке орай, саяси партиялар осы жолғы сайлау науқанында гендерлік мәселені осыған дейінгі сайлау науқанымен салыстырғанда біршама төмен қойғандығы байқалады. Егер 2012 жылы «Нұр Отан» партиясының кандидаттар тізіміне 25 әйел кірсе, 2016 жылғы тізімге 30 әйел ілігіп отыр. Ал басқа саяси партияларда тізімге енгізілген әйелдер саны аз», - деді ол.
Мәселен, оның алға тартқан деректеріне қарағанда, 2012 жылы «Ауыл» партиясы өз тізіміне - 4, ал осы жолы тек бір ғана әйелді кіргізіп отыр. Мұндай жайт «Ақ жол» партиясында да байқалады. Олардың 2012 жылғы тізімінде - 9, ал биыл 6 әйел адам бар.
«ЖСДП-ның партиялық тізімінде 2012 жылы 12 әйел болса, биыл небәрі 4 әйел енген. Жалпы, партия қанша мүшесі болуы керектігін өздері шешеді. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы мәжбүрлей алмайды», - деді М.Сәрсембаев.